Қазақстанның барлық өңірінде 8–11(12)-сынып оқушылары арасында лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың екінші ( облыстық) кезеңі өтуде.
Зияткерлік сайысқа аудандық және қалалық кезеңдерден сәтті өткен 1 000-ға жуық оқушы қатысуда. Айта кетейік, олимпиаданың бірінші кезеңінде 9 мыңға жуық оқушы өз білімін сынаған болатын.
Олимпиада оқушылардың логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілдік заңдылықтарды анықтау және стандарттан тыс шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар тілдік құрылымдарды талдау, құбылыстарды салыстыру және логикалық пайымдау негізінде қорытынды жасау бойынша тапсырмалар орындайды.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық кезеңде өз өңірлерінің намысын қорғайтын үздік қатысушылар анықталады. Республикалық кезең 2026 жылғы 30 қарашада өтеді. Оған әр өңір мен ұйымнан облыстық кезеңде ең жоғары ұпай жинаған үш оқушыдан құралған команда қатысады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









