Алматының 21 мыңнан астам мұғалімі жасанды интеллект технологияларын қолдануда

    Алматыда білім беру жүргісін цифрлық трансформациялау жалғасуда. Заманауи ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект құралдары мен цифрлық білім беру платформалары оқу процесіне белсенді түрде енгізіліп, педагогтер мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашуда.
    Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының ГЦНТО бөлім басшысы Айгүл Болатбекова мәлімдеді.
    Оның айтуынша, бүгінгі таңда қаладағы барлық 230 мектеп жасанды интеллект құралдарын пайдаланады. Google Workspace сервистеріне 21 мыңнан астам педагог қосылған. Бұл оқу сабақтарын интерактивті әрі шығармашылық форматында өткізуге, сондай-ақ мұғалімдердің сабаққа дайындалу және оны жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.
    Робототехниканы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта Алматының 60 мектебінде арнайы платформа енгізілуде. Ол оқушылар мен педагогтерге жасанды интеллект құралдарын меңгеруге, роботтарды бағдарламалауға және өздерінің технологиялық жобаларын жасауға мүмкіндік береді. 2027 жылы бұл платформаны қаланың барлық мектептеріне тарату жоспарланған.
    Бұдан бөлек, Алматының барлық 235 мектебі жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, бұл цифрлық білім беру ортасын одан әрі дамытуға қажетті инфрақұрылымды қалыптастырады.
    «Жасанды интеллектіні пайдалану білім беру процесінің сапасын арттырады, оның барлық қатысушыларының әлеуетін ашады және педагогикалық шеберліктің жаңа деңгейіне шығуға көмектеседі», — деп атап өтті Айгүл Болатбекова.
    Келешектегі басым бағыттардың қатарында — Алматының бірыңғай цифрлық білім беру экожүйесін дамыту, жаңа білім беру платформалары мен ЖИ құралдарын енгізу, сондай-ақ педагогтерді заманауи ақпараттық технологияларға үйрету бағдарламаларын кеңейту бар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары