Құқықтық және әділетті қоғамды қалыптастырудағы мемлекет пен азаматтардың рөлі
Құқықтық және әділетті қоғамды қалыптастыру – мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Оның негізі – Конституция мен заңдарды сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, өзара сенім мен жауапкершілік.
«Адал азамат» құндылықтары аясында адалдық, әділдік, заңға бағыну, міндеттерді адал орындау және белсенді азаматтық ұстаным ерекше маңызға ие.
Мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғауды, заң алдындағы теңдікті, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал азаматтар заңнаманы сақтап, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеуге және қоғам өміріне жауапкершілікпен қатысуға тиіс.
Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана заңдылықты, қоғамдық келісімді нығайтып, қауіпсіз, әділетті әрі өркендеген мемлекет қалыптастыруға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








