Адам құқықтарын қорғаудың кепілі ретінде азаматтардың медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек алуға құқығы

    Адам құқықтарын қорғаудың кепілі ретінде азаматтардың медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек алуға құқығы

    Медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек алу құқығы – адамның құқықтарын, денсаулығы мен қадір-қасиетін қорғаудың маңызды құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасында бұл құқықтың жүзеге асырылуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.

    Әрбір азамат қолжетімді медициналық көмек алуға, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін пайдалануға, медицина қызметкерлерінің құрметпен қарауына және денсаулығына қатысты мәліметтердің құпия сақталуына құқылы.

    Психологиялық және әлеуметтік көмек қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды қолдауға, олардың заңды мүдделерін қорғауға және лайықты өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі және оларды қорғай алуы маңызды. Құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдарға, прокуратура органдарына және сотқа жүгінуге құқылы.

    Осылайша, медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмектің қолжетімді болуы адам құқықтарын қорғауға, халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және әділетті қоғамды нығайтуға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары