Болашағы жарқын ел: белсенді жастар – қоғам дамуының қозғаушы күші!

    1 / 5

    Болашағы жарқын ел: белсенді жастар – қоғам дамуының қозғаушы күші!

    Өскелең ұрпақты қолдау және олардың еңбегін бағалау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Марапатқа қоғамдық қызметте және әлеуметтік бастамаларды қорғау бағытында белсенділік танытқан жастарымыз ие болды!

    Жастарымыз Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссия ұйымдастырған «Орталық Азия жастарының құқықтарының үстемдігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысып, жас ұрпақтың әлеуетін дамытуға бағытталған құнды ұсыныстарын ортаға салды.

    Осындай жоғары деңгейдегі диалогтарға жастардың қатысуы бірлескен жобалар мен жаңа бастамалардың жас кадрлардың әлеуетін одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және алға нық қадам басуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары