«Еркіндік рухы» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында бірінші курс студенттеріне «Жастардың құқықтарын қорғаудың институционалдық тетіктері» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жастардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ жас азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған мемлекеттік институттар мен құқық қорғау тетіктерінің қызметі түсіндірілді.
Кездесу барысында жастардың құқықтарын қорғаудағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөліне, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру тетіктеріне, құқықтық жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мен заңға құрметпен қарау қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, бостандық, әділдік, заңдылық және жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған «Еркіндік рухы» тұжырымдамасының маңызы, жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттырудың өзектілігі талқыланды.
Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің құқықтық хабардарлығын арттыруға, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға, жастардың азаматтық белсенділігін дамытуға, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









