Превентивті мониторинг шеңберінде Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-не бару жүзеге асырылды

    1 / 6

    Превентивті мониторинг шеңберінде Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-не бару жүзеге асырылды.

    Бару барысында егде жастағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы, олардың орталықта болу жағдайлары, әлеуметтік-тұрмыстық, сауықтыру және мәдени-демалыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасы, сондай-ақ орталыққа келушілердің дене белсенділігін қолдауға, денсаулығын нығайтуға және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған сабақтар мен іс-шаралардың ұйымдастырылуы зерделенді.

    Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуы, орталықта болу үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлардың жасалуы, іс-шаралардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аға буын өкілдерінің ықтимал проблемалары мен қажеттіліктерін анықтау мәселелері бойынша орталыққа келушілермен және басшылықпен әңгімелесулер жүргізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары