Өкілдік тарапынан Алматы қаласындағы зейнеткерлік жастағы азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді тұрумен қамтамасыз ете отырып көрсететін «Қамқор» арнаулы медициналық-әлеуметтік мекемесіне превентивтік бару жүзеге асырылды.
Бару барысында мекеме тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы, олардың тұрмыс жағдайлары, көрсетілетін әлеуметтік және медициналық қызметтердің сапасы, тамақтандыруды ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері зерделенді.
Бару қорытындысы бойынша мекеме басшылығына тұрғындардың құқықтарының ықтимал бұзылуының алдын алуға, анықталған кемшіліктерді жоюға және лайықты тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









