Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің бірінші курс студенттеріне «Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында дәріс өткізілді

    2026 жылғы 28 қазанда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігінің бас мамандары Д.К. Хамзина мен З.Н. Сағынаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің бірінші курс студенттеріне «Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында дәріс өткізді.

    Дәріс барысында студенттерге азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, құқықтық жауапкершілік мәселелері, сондай-ақ өзге адамдардың құқықтарын құрметтеудің және ойластырылған шешімдер қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді.

    Азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау мәселелеріне, оның ішінде дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету, жеке өмірге қол сұғылмау құқығын сақтау және цифрлық ортада адам құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу аясында заңдылықты нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға, заңға құрметпен қарауды және оны сақтау жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының мәні де түсіндірілді.

    Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, адам құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктері туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының жастармен өзара іс-қимылын дамытуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары