Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – Қазақстанның ішкі саясатының басым бағыты

    Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – Қазақстанның ішкі саясатының басым бағыты

    Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаттары заңдылықты нығайтуға, демократияны дамытуға және азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.

    Бұл бағытта «Заң мен тәртіп» қағидаты маңызды рөл атқарады. Ол заң үстемдігін қамтамасыз етуді, барлық азаматтардың заң алдында тең болуын және олардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауды көздейді.

    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты билік пен халық арасындағы ашық байланысты дамытуға бағытталған. Әрбір азамат мемлекеттік органдарға өтініш білдіруге, өз пікірін жеткізуге және қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.

    «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» қағидаты әртүрлі пікірлерді құрметтеуді, азаматтардың ұсыныстарын ескеруді және олардың сайлау, референдум, қоғамдық талқылаулар арқылы қоғамдық өмірге қатысуын қарастырады.

    Сонымен қатар азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығы ерекше маңызға ие. Бұл мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, халықтың сенімін нығайтуға ықпал етеді.

    Қорытындылай келе, адам қадір-қасиетін құрметтеу, заңды сақтау, ашық диалог орнату және азаматтардың белсенді қатысуы – әділетті, құқықтық әрі тұрақты Қазақстанды қалыптастырудың маңызды негіздері.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары