Представительством проведено мониторинговое посещение учреждения №72 ДУИС по городу Алматы

    1 / 2

    Өкілдік тарапынан Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-нің №72 мекемесіне мониторингтік бару жүзеге асырылды.

    Бару барысында мекеме жұмысының ұйымдастырылуы, ұсталатын адамдардың жағдайы, санитариялық-тұрмыстық ахуалы, белгіленген талаптардың сақталуы, сондай-ақ медициналық көмекке және өтініштер мен шағымдар беру тетіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері зерделенді.

    Сонымен қатар, мекемеге бару аясында мекеме басшылығымен бірлесіп, онда ұсталатын адамдарды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында олардың толғандырған мәселелері қаралып, әрқайсысы бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш беру және өз құқықтарын қорғау жолдары түсіндірілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары