Өкілдік тарапынан Алматы қаласындағы «№ 2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ қызметіне превентивтік мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, олардың сапалы білім алуына және тұруына тиісті жағдайлардың жасалуына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, медициналық сүйемелдеуге, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолжетімді ортаны қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бейнебақылау жүйелерінің жай-күйі, жарықтандыру, электрмен жабдықтау және өткізу режимін ұйымдастыру мәселелері зерделенді.
Мониторинг қорытындысы бойынша мекеме басшылығымен анықталған проблемалық мәселелер талқыланып, оларды уақтылы жоюға, балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуының алдын алуға және мекемедегі білім алу, тұру және болу жағдайларын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсынымдар берілді.
Бұл бағыттағы превентивтік жұмыс ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтауға, әрбір баланың құқықтарын қорғауға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









