Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – Қазақстанның ішкі саясатының басым бағыты

    Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – Қазақстанның ішкі саясатының басым бағыты

    Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағыт заңдылықты нығайтуға, азаматтардың теңдігін қамтамасыз етуге және әрбір адамның лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.

    Бұл ретте заң үстемдігіне, баршаның заң алдындағы теңдігіне және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға негізделген «Заң мен тәртіп» қағидаты маңызды рөл атқарады.

    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық диалогты дамытуға, азаматтардың өз пікірін білдіруіне және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуына мүмкіндік береді.

    Ал «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» қағидаты түрлі пікірлерге құрметпен қарауды, қоғамдық келісімді нығайтуды және азаматтық белсенділікті арттыруды көздейді.

    Осылайша, адам құқықтарын сақтау, мемлекеттік органдардың ашықтығы және азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысуы әділетті, құқықтық әрі тұрақты мемлекет қалыптастырудың маңызды шарттары болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары