
«Ауыл аманаты» жобасының қолдауымен Алға қаласының тұрғыны Қуаныш Талғатұлы жылқы шаруашылығын дамытып, саумал мен қымыз өндіріп отыр.
Кәсіпкер өз кәсібін 3 бас жылқымен бастаған. Бүгінде жылқы санын 12 басқа жеткізіп, табиғи әрі сапалы саумал мен қымыз өндіруде. Өнімдер Алға қаласының тұрғындарына ұсынылады.
«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына кәсіп бастауға және қолданыстағы бизнесті кеңейтуге мүмкіндік беріп, табысын арттыруға бағытталған. Жоба аясындағы мемлекеттік қолдау жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады.








