Атырау облысында 2026 жылдың 9 айында еңбек құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындылары

    2026 жылғы 9 айындағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен азаматтардан келіп түскен өтініштері негізінде кәсіпорындарға қабылданған шаралардың (тексеріс жүргізу, нұсқама енгізу, әкімшілік іс қозғау) нәтижесінде 22 мекемеден 40,3 млн. теңге жалақы берешектері өндіріліп, 62 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды.
    Сондай-ақ, азаматтардың өтініштері бойынша тексеріс жүргізбей, жұмыс берушілермен тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы 91 жұмысшының 18,2 млн. теңге жалақылары өндіріліп, арыздары өтініш хат негізінде қараусыз қалдырылды.
    Департаментке 2026 жылдың 9 айында 4645 өтініш тіркеліп (2025 жыл – 2385), оның 3936 (2039) қаралып нәтижесімен 1870 (1096) азаматтың еңбек қатынастары бойынша конституциялық құқықтары қорғалды.
    Сондай-ақ, өтініш түскен бойда еңбек инспекторлары жедел түрде жұмысшылардың құқықтарын қалпына келтіргендіктен 1813 (708) азамат өтініштерін қайтарып алған.
    Еңбек инспекторларымен 2026 жылдың 9 айында 337 (2025ж.-242) тексеріс жүргізіліп, нәтижесімен 329(229) заң бұзушылықтар анықталды.
    Заң бұзушылықтарды жою туралы жұмыс берушілерге 211 (153) тиісті нұсқама беріліп, 207 (140) заңды тұлға әкімшілік жауапкершілік іс қозғалып, 55,7 (28,3) млн. теңге айыппұл салынды.
    Өңірдегі кәсіпорындарда 48 (43) жазатайым оқиға тіркеліп, нәтижесінде 56 (48) адам зардап шекті, оның 5 (7) қайтыс болған.
    Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша жүргізілген арнайы тергеу құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқыққорғау органдарына жолданды.
    Еңбек заңнамаларын сақталуын қамтамасыз ету мақсатында департаментке жүгінген 3240 азаматқа құқық түсіндіру жұмыстары көрсетілді.
    Сондай-ақ, еңбек саласындағы өзекті мәселелер бойынша облыстық телеарнада 25 рет сұхбат берілді. Басылымдарда 10 мақала жарияланды, 32 семинар, дөңгелек үстел өткізілді. Жұмыс беруші мен жұмысшылардың қатысуымен 56 кездесу ұйымдастырылды, 105 ақпараттық-түсіндіру жұмысы жарияланды.
    Еңбек шарты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәмелетке толмағандардың еңбегі жөнінде 3 бейнеролик жарияланды.
    Атырау облысында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды азайту және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары