Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті еңбек жанжалдарының туындау тәуекелі жоғары кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек ахуалына жүйелі түрде құзырлы және уәкілетті органдармен бірлесіп мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг нәтижесімен анықталған мекемелер жедел түрде уәкілетті органдармен қаралады. Соның бірі «AlgaBus» ЖШС.
Атырау қаласының прокурорының, Атырау қаласы әкімдігінің, Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің өкілдерінің, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы К.Имангалиевтің, еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Ж.Ермекқалиеваның, сондай-ақ «AlgaBus» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында жұмысшылардың ұжымдық өтініші қаралып, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы, ауысым кестесі мәселелеріне сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.









