Құрық ауылындағы әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтары зерделенді

    1 / 10

    Құрық ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындығы пысықталды. 2026 жылдың 8 қазанында аудан әкімі Ж.Қайнарбаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес құрылған мониторингтік топ елді мекендегі білім беру ошақтарының жұмысын жіті тексерді.

    Зерделеу жұмыстары барысында мектептер мен балабақшалардың жылу қазандықтарының нақты жай-күйі жан-жақты қаралып, жүйенің іске қосылуға әзірлігі бағаланды. Тексеру нәтижесінде анықталған кейбір кемшіліктерді жедел түрде жою қажеттігі атап өтіліп, жауапты мекемелер мен сала басшыларына жылу беру маусымын тиісті деңгейде, еш кедергісіз қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары