Қарақия ауданында газ талдағыш құралдар орнатылып, жылу қазандықтары тексерілді

    1 / 7

    Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QazaqGaz Aimaq» АҚ өкілдерімен бірлесіп, жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізді.

    Іс-шара барысында тұрғын үйлердегі жылыту қазандықтарының жай-күйі тексеріліп, газ талдағыш құралдар орнатылды.

    Сонымен қатар тұрғындарға жылыту қазандықтарын қауіпсіз пайдалану, газдан уланудың алдын алу, газ жабдықтарының ақаусыздығын қадағалау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

    Қауіпсіздік – әр үйден басталады!

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары