Семейде көлік тізгіндеген әйел жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды

    Семей қаласында көлікті алкогольдік масаң күйде басқару дерегінің жолы кесілді.

    Қала тұрғыны, 24 жастағы әйелдің CHEVROLET ONIX маркалы автокөлікті Шәкәрім даңғылы бойымен басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.

    Сот шешімімен әйел 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты оған әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмады.

    Еске саламыз, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары