Аула — қоқыс үйіндісі емес: Абай облысының полициясы қоқыс шығару ережелерін еске салады

    Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарға ескертеді: контейнерлік алаңдар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған. Олардың жанына құрылыс қалдықтарын, ірі көлемді заттар мен өсімдік қалдықтарын тастауға тыйым салынады.

    Кірпіш, бетон, есіктер, терезелер, ескі жиһаз, тұрмыстық техника, бұтақтар, шабылған шөп пен жапырақтар бөлек шығарылуы тиіс. Мұндай қалдықтар қоқыс таситын көліктердің күнделікті бағыты бойынша шығарылмайды. Оларды контейнерлердің жанына үйіп қою стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына әкеліп, арнайы техниканың жұмысына кедергі келтіреді.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзған жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 2026 жылы бұл 86 500 теңгені құрайды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, 30 АЕК, яғни 129 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.

    Жөндеу жұмыстарын жүргізуді, жиһаз ауыстыруды немесе аула аумағын тазалауды жоспарлағанда, қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығаруды алдын ала ұйымдастырыңыз.

    Полиция тұрғындарды ортақ аумақтарды таза ұстауға және өз қоқыстарын шығару жауапкершілігін көршілеріне немесе коммуналдық қызметтерге жүктемеуге шақырады.

    «Таза Қазақстан» — ортақ жауапкершілік. Ауланың тазалығы әрқайсымыздан басталады!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары