«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жекеменшік мектептердің басшылары мен өкілдерімен ашық диалог

    «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жекеменшік мектептердің басшылары мен өкілдерімен ашық диалог

    21 қыркүйекте Түркістан облысында білім беру және медицина салаларын дамыту бағытындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.

    Отырысқа Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қатысты.

    Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі өңірдегі жекеменшік мектептердің басшылары мен өкілдерімен өзекті мәселелерді талқылау болды. Кәсіпкерлер одан әрі шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді, оның ішінде білім беру ұйымдарын қаржыландыру мәселелерін көтерді.

    Кездесу барысында Департамент тарапынан өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің нақты толымдылығына жүргізіліп жатқан талдау жұмыстары туралы ақпарат берілді. Талдау аудандар мен қалалар бөлінісінде жүргізіліп, оқушы орындары тапшы мектептер, сондай-ақ бос орындары бар білім беру ұйымдары анықталуда.

    Осындай алаңдарда жекеменшік мектептердің басшылары мен өкілдерімен тікелей диалог жүргізу өзекті мәселелерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, бақылау іс-шараларын жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері бойынша қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

    Алынған деректер өңірдегі мектеп орындарына деген нақты қажеттілікті объективті бағалауға және жаңа мектептер салудың негізділігін айқындауға мүмкіндік береді.

    Білім сапасы – бұл тек оқыту нәтижелері ғана емес, әрбір балаға қажетті жағдай жасау. Сондықтан білім берудің қолжетімділігі мен білім беру инфрақұрылымын тиімді пайдалану мәселелері тұрақты назарды және бірлескен жұмысты талап етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары