Ұстазға шексіз алғыс пен құрмет!

    Ұстазға шексіз алғыс пен құрмет!

    Ұстаз — бұл жай ғана мамандық емес, бар ғұмырын өскелең ұрпақтың саналы болашағына арнаған асқақ миссия.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев педагогтердің қоғамдағы айрықша орнына ерекше мән беріп, ұстаз мәртебесін көтеру мен олардың құқығын қорғауды маңызды басымдық ретінде айқындап келеді.

    Осы бағытта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі де педагогтерді қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, ұстаздарды өз міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуға жол бермеу, олардың құқықтарын қорғау, кәсіби біліктілігін тегін арттыруға мүмкіндік жасау, үздік педагогтердің еңбегін ынталандыру бағытында нақты шаралар т.б. қолға алынған.

    «Педагог мәртебесі туралы» заң — ұстаздардың құқығын қорғап, кәсіби тұрғыдан еркін еңбек етуіне берілген нақты кепіл. Ешкімнің де ұстаздың қадіріне тиюге, құқығын шектеуге қақысы жоқ. Себебі ұстаз — қастерлі тұлға!

    Ардақты ұстаздар!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып жүре берулеріңізге тілектеспіз. Мәртебелеріңіз әрқашан биік, еңбектеріңіз ерен болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары