2026 жылғы 28 қазанда Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы К. Ауанасова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан Департамент ғимаратында өтті. Департамент басшысы жеке мәселелері бойынша жүгінген Мақтаарал ауданының тұрғыны, мұғаліммен кездесті.
Кездесу барысында жергілікті білім беру ұйымдарында орын алып отырған өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, білім сапасын қамтамасыз ету бағытындағы түйткілді мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









