19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 21

    Түркістанда Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

    Түркістанда облысында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлы арнайы қатысып, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға алғыс білдірді.

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз «Құтқарушылар күнімен» құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында» деген болатын. Сіздер – әрбір қиын сәтте елге бірінші болып көмекке келіп, бастарыңызды өзгелердің өмірі үшін қатерге тігіп жүрсіздер! Бұл ерліктеріңіз бен қызметке адалдықтарыңыз – халқымыздың амандығының басты кепілі. Мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар саласына айырықша көңіл бөлінуде.

    Атап айтқанда, облыс әкімдігінің қолдауымен жалпы құны 1 миллиард 612 миллион 400 мың теңге және 4 миллиард 445 миллион 915 мың 645 теңге көлеміндегі қаржы қарастырылып, екі өрт сөндіру бөлімін ашу бағытында жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, өңірдің өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 36 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынды.

    Ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 «Ауыл құтқарушысы» өрт сөндіру бекеті ашылды. Сондай-ақ Ораңғай ауылында және Төлеби ауданында өрт сөндіру бөлімдері іске қосылып, халыққа жедел көмек көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді.

    Бұл мемлекеттің Сіздерге деген қолдауы мен сенімі. Бүгінгі күн – бейбіт күннің батырларын еске алып, ерлігін ұлықтайтын күн. Мереке құтты болсын! – деген Көшеров Нұралхан Оралбайұлы еңбегімен дараланған төтенше жағдай қызметкерлерін марапаттады.

    Бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірін қорғау бағытында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүр.

    Іс-шара барысында қызметтік борышын адал атқарып, кәсібіне беріктігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер мен ардагерлерге Төтенше жағдайлар министірі Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаттары мен төсбелгілері табысталды.

    Құтқарушылар күніне арналған мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары