Бүгінгі профилактика – ертеңгі қауіпсіздік

    1 / 2

    Қызылорда облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігі олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі қашанда қоғам назарында. Бұл – күн тәртібінен түспейтін, тұрақты назар мен жүйелі жұмысты қажет ететін маңыздыбағыттардың бірі. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі.
    Осыған орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
    Атап айтқанда Орда колледжінің жатақханасында студенттермен кездесу ұйымдастырылып, ашық пікір алмасу өткізілді. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілік, жанжалдардың алдын алу, күш қолдануға жол бермеу, қоғамдық тәртіп пен жеке қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
    Сонымен қатар жастарға туындаған келіспеушіліктерді заң аясында және өзара түсіністік негізінде шешудің маңыздылығы жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтардың салдары мен жеке қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Профилактикалық түсіндіру жұмыстары қала аумағындағы «Арай Сити» және «Жібек жолы» сауда орталықтарында да жалғасын тапты. Аталған орындарда тұрғындар мен жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздік талаптарын түсіндіру бағытында ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізіліп, арнайы әзірленген жадынамалар таратылды.
    Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Полиция департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталады.
    Бала қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан жас ұрпақтың құқықтарын қорғау, олардың бойында заңға құрмет пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар әрдайым басты назарда болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары