«Қауіпсіз үй»: қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда!

    Республика көлемінде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

    Іс-шара аясында қала бойынша 4 244 проблемалық тұрғын үй мен өзге де нысандар араланып, тексерілді. Олардың қатарында шаруа қожалықтары, иесіз қалған нысандар, саяжай үйлері, көпқабатты үйлердегі пәтерлер мен жеке тұрғын үйлер бар.

    Сонымен қатар, 157 жалға берілетін үй тексеріліп, анықталған заң бұзушылықтар бойынша Мемлекеттік кірістер органына 56 ақпараттық хат жолданды.

    Бұдан бөлек, пробациялық бақылаудағы, соттылығы жойылмаған, әкімшілік қадағалаудағы және өзге де санаттағы 3 197 азамат тексеруден өтті.

    Құрметті тұрғындар!

    Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

    Егер сіз құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз немесе күдікті жағдайларды байқасаңыз, полицияға хабарласыңыз. Сіздің дер кезінде берген ақпаратыңыз құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етуі мүмкін.

    Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік! Бірге қауіпсіз қоғам қалыптастырайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары