Қызылордада дрон арқылы жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізуші анықталды

    Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық күшейтілген іс-шаралар өткізуде. Рейдтік шаралар барысында бақылау жүргізу кезінде тәртіп сақшылары дрон құрылғысын пайдалануда.

    Мәселен облыс орталығындағы көшелердің бірінде жаяу жүргіншілерге жол бермеген «Lexus» автокөлігінің жүргізушісі анықталды.

    Жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізуші Қызылорда қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

    Тексеру барысында осы тектес әрекеті үшін оған әкімшілік шара қолданылса да ол еш нәтиже шығармай, бiр жыл iшiнде құқық бұзушылықты қайталап жасаған. Осыған байланысты оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылды.

    Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл салынды.

    Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары