«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КӨШПЕЛІ АКЦИЯ ӨТТІ

    1 / 2

    25 қазан – Республика күні қарсаңында Атырау қалалық Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жаныңдамын» акционерлік қорының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында көшпелі акция өтті.
    Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің жетекші маманы А.А. Иманбаева қатысты.
    Акция барысында азаматтарға зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, авторлық құқық пен тауар белгілеріне қатысты заңнама талаптары, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді. Азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары