Азаматтарды жеке қабылдау

    Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі М.А. Музатова Атырау облысы Құрманғазы ауданының Құрманғазы, Ақкөл және Еңбекші ауылдарында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
    Қабылдау барысында азаматтардың кредиттік жүктемесін азайту, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселелері қаралды.
    Әрбір өтініш бойынша азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес түсініктемелер беріліп, қаралған мәселелердің мән-жайларын ескере отырып, нақты құқықтық ұсынымдар ұсынылды.
    Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген тетіктері, даулы мәселелерді құқықтық шеңберде реттеу тәртібі және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдері түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары