«Один день следователя»: каждое доказательство имеет значение — установление истины является профессиональным долгом

    Тергеу қызметі – қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайын жан-жақты зерделеп, дәлелдемелерді жинауға, оқиғаның ақ-қарасын анықтауға және заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешімдер қабылдауға бағытталған жауапты қызмет.

    Тергеуші қылмысты ашып қана қоймай, оның жасалу жағдайларын анықтап, әрбір дерек пен айғақты мұқият зерттейді. Негізгі мақсат – істің мән-жайын объективті анықтап, заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету.

    Осы бағытта Қызылорда облысы Полиция департаменті Арал аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімінде аға тергеуші, полиция қызметкері Рауханов Әли Сердалыұлы қызмет атқарады.

    Оның өндірісіндегі қылмыстық істердің бірі – азаматтарға жеңілдетілген тұрғын үй мен қайтарымсыз несие алып беруге уәде ету арқылы алдау жолымен ақша қаражатын иемденуге байланысты алаяқтық ісі.

    Аталған істі тергеу барысында оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау, жәбірленушілерден және куәлардан жауап алу, қажетті дәлелдемелерді жинау мен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір дерек заң талаптарына сәйкес тексеріліп, істің барлық мән-жайына объективті баға беріледі.

    Сонымен қатар тергеуші алаяқтық қылмыстарының алдын алуға да ерекше мән береді. Осы мақсатта азаматтарға жалған уәделерге сенбеу, күмәнді ұсыныстардан сақтану және жеке деректерді қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Әли Сердалыұлы үшін тергеушінің жұмысы – тек қылмыстың мән-жайын анықтаумен шектелмейді. Бұл – азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылықты сақтау және қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосу.

    Қылмысты ашу – міндет. Ал ақиқатқа жету, әрбір дәлелді әділ бағалау және азаматтардың құқығын қорғау – кәсіби жауапкершілік.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары