1 / 10
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Республика күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде департамент қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құқық саласының дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген Әділет департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ облыстың заң қоғамдастығының өкілдері марапатталды. Мерекелік шараның мазмұнын концерттік бағдарлама толықтырды.








