Семинар өткізілді

    Ағымдағы жылғы 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының фронт-офис және бэк-офис қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтық хал актілерін, заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өткізді.
    Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметкерлермен медициналық ұйымнан тыс жерде туған, анасының жеке басын куәландыратын құжаттары, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында ол туралы мәліметтері жоқ баланың тууын тіркеу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды. Аталған мүмкіндік Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 187-бабында көзделген. Өзгерістер 2025 жылғы 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына енгізілген, 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген өзгерістер талқыланды. Атап айтқанда, «Нотариат туралы» Заңның 54-бабы жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару және кепілге қою туралы, мемлекеттік тіркеуге жататын шарттарды осы мүлік орналасқан жер бойынша куәландыруды көздейтін 2-1-тармақпен толықтырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары