«Дөңгелек үстел» өткізілді

    Ағымдағы жылдың 15 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ZOOM платформасы арқылы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге қатысты.
    Дөңгелек үстел отырысына Шығыс Қазақстан облысы атынан Әділет департаментінің, аймақтың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, креативті индустрияны дамыту орталығының, 1С бағдарламасының өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
    ​​Іс-шара барысында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселековамен жаңа Конституцияда бекітілген зияткерлік меншікті қорғау кепілдігінің маңыздылығы атап өтілді. ​Бұл кепілдіктер зияткерлік еңбек нәтижелерін сенімді қорғауға және оларды заңды түрде пайдалануға бағдар беретіндігі айтылды.
    ​​Тәжірибе алмасу барысында қатысушылар практикалық қиындықтарды талқылап, оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар білдірді.​ Құқықтық реттеудің жүйесіздігі мен әртүрлі заңнамалық актілер нормаларының өзара үйлесімділігі мәселелері қозғалды.
    ​​Іс-шара соңында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны кейіннен шоғырландыру бағытындағы бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылдады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары