2026 жылғы 22 қазанда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен Департамент базасында заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және ресми құжаттарды апостильдеу салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында қызмет алушыларға тіркеу қызметі мәселелері бойынша консультациялар алу мүмкіндігі ұсынылып, қызықтырған мәселелері бойынша қажетті құқықтық көмек көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша, оның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу, АХАТ және ресми құжаттарды апостильдеу салаларында электрондық қызметтерді алу тәртібі, электрондық үкімет порталы арқылы өтініштерді беру тәртібі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері және құжаттарды электрондық форматта алудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Электрондық өтініштерді дұрыс толтыруға және электрондық үкімет порталында берілетін өтініштерге қоса тіркелетін құжаттар топтамасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Қызмет алушыларға жүктелетін құжаттардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуіне, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ өтініштерді беру кезінде жиі жіберілетін қателер мен олардың алдын алу тәсілдеріне қатысты түсіндірмелер берілді.
Халықпен кездесу өткізілді
1 / 2
Ұқсас материалдар

Құқығынан айыру жазасы мерзімінің аяқталуына бір жыл ғана қалған болатын: жолда мас жүргізуші ұсталды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
конкурс
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММАшу
ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
📢 ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
"Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары

Семинар өткізілді
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіАшу
Қазақстан– Американдық Еркін Университетінің студенттеріне семинар өткізілді
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіАшу
Шығыс Қазақстан университетінің құқықтану кафедрасының студенттері мен құқықтық клиника қатысушыларының арасында тақырыптық семинар өткізілді
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіАшу
«Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізілді
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіАшу
«Дөңгелек үстел» өткізілді
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіАшу