Түркістан қаласындағы «№20 Р.Исетов», «Е.Тәңірбергенов» жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен «Түркістан болашақ жоғары көпсалалы колледжі» студенттеріне шетелдерде діни білім алудың қауіптерін түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесуде мамандар шетелдерде білім алу кезінде жалған ақпаратқа және теріс идеологиялардың ықпалына тап болуы мүмкін екендігін атап өтті.
Білім алушыларға тек ресми және расталған білім беру орталықтарына сену, сондай-ақ діни білімді тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілетті мекемелері мен тұлғаларынан алу ұсынылды.
Мамандардың айтуынша, білім алушылар расталмаған әлеуметтік желілердегі теріс идеологияларды уағыздаушыларды тыңдап, теріс идеологияларға бет бұруда. Бұл әрі қарай экстремистік топтарға қосылуға себеп болуы мүмкін екенін атап көрсетті.
Кездесу барысында, экстремистік және террористік топтардың қауіптері, олардың қоғам мен мемлекетке тигізетін зияны туралы баяндалып, олардың ықпалынан қорғану тәсілдері туралы сөз қозғалды.
Жиын қорытындысымен білім алушыларға әлеуметтік желілерде экстремистік, террористік көзқарастағы бейнематериалдар мен мақалаларды жариялағаны, таратқаны, пікір қалдырғандары үшін қаралған жауапкершілік шаралары туралы түсіндірілді.
Іс-шара соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды









