Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының ұйымдастыруымен Отырар ауданындағы «А.Дәрібаев», «Көкмардан», «С.Ерубаев» атындағы жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен «Талапты» ауылдық округінің тұрғындарына экстремистік және террористік қауіп туындаған кезде жасалуы тиіс алгоритм реттілігін түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналысқа ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Арыс қалалық бөлімінің, полиция бөлімінің және аудандық ТҚК хатшысы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – адамдар көп шоғырланатын білім беру ұйымдарында білім алушыларды террористік сипаттағы алғашқы ден-қою әрекеттеріне оқытып, дайындау.
Жиналыста аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері террористік қауіп туындаған кезде алғашқы эвакуациялау, құзырлы мекемелерге хабарлау, күдікті заттарға жақындамау, қол тигізбеу және оған жақын маңайда байланыс желісін қоспау, сондай-ақ өз бетімен тексеруге тырыспау жөнінде түсіндірді.
Күдікті заттар немесе иесіз қалған сөмкелер анықталған жағдайда ең алдымен мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне хабарлау қажеттігі жеткізілді.
Сонымен бірге, оқушыларға жалған ақпараттарды таратпау, әлеуметтік желілерде расталмаған мәліметтерді бөліспеу қажеттігі туралы ескертілді.
Жиналыс барысында қатысушыларға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен арнайы дайындалған бейнематериалдар көрсетілді.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер тарапынан қолданыстағы заңнама талаптары аясында нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды









