Қызылордада жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушылары жазаланды

    Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері құқыққа қайшы бейнежазбаны анықтады.
    Полицейлер бірнеше жүргізушінің кортеж ұйымдастырғанын анықтап, құқық бұзушылықтың жолын кесті.
    Кортеж қозғалысы барысында жүргізушілер маневр жасау қағидаларын және міндетті сақтандыру талаптарын бұзып, авариялық жағдай туғызған. Бұған қоса олар көлікті тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған.
    Барлық қатысушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олар 19–26 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары болып шықты.
    8 құқық бұзушыға қатысты 27 хаттама ресімделіп, айыппұл салынды. Олардың ішінде төртеуі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін соттың шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
    Жеті автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
    Барлық құқық бұзушыға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту берілді.
    Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, өзге азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
    Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырады. Мұндай фактілердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды және әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары