АГЕНТТІКТЕ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    АГЕНТТІКТЕ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
    КездесуАяқталды

    Агенттікте психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуына, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқаруына жол бермеу мәселелеріне арналған семинар өтті.

    Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасы мен қызметтік тәртібін арттыру, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында өткізілді.

    Шақырылған спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері сөз сөйлеп, психобелсенді заттарды тұтынудың және осыған байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алудың құқықтық және медициналық аспектілері туралы ақпарат берді.

    Семинар барысында қатысушыларға заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігі, белгіленген мінез-құлық нормаларын сақтау және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері түсіндірілді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикалық ұсынымдармен танысты.

    Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызмет талаптарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Ұқсас материалдар

    КонкурсАяқталды

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін...

    БейнеконференцияАяқталды

    БҚДА-ДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

    Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөл...

    КонкурсАяқталды

    Проведен челлендж «Upgrade 2026: Путь к лучшему Я».

    В рамках реализации концепции «Digital Nauryz» и развития цифровой трансформации среди работников Агентства, включая сотрудников территориальных подразделений, в период с 20 марта по 1 мая 2026 года был проведен челлендж «Upgrade 2026: Путь к лучшему Я». Основной целью мероприятия стало формирование и укрепление полезн...

    БасқаАяқталды

    АГЕНТТІКТЕ АЗАМАТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОЛЛ-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

    📞 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне арналған колл-орталық жұмыс істейді. Колл-орталық Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Колл-орталық мамандары: 💬 E-Otinish жүйесі арқылы өтініштерді...

    СұхбатАяқталды

    БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ

    Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты Мемлекет басшысы ізгілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтар мен бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған шара ретінде әкімшілік және қылмыстық рақымшылық жасауға бастамашылық жасады. Осы бастаманы іске асыру үшін «Қазақстан Республикасын...

    КездесуАяқталды

    МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЯСАТЫ

    Мемлекеттік қызметшілер арасында темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында Агенттікте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Салауатты өмір салтын қалыптастыру...

    КездесуАяқталды

    БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста электрондық құжат айналымы нарығындағы кедергілерді жою шаралары талқыланып, 2025 жылдағы жұмыс қорытындылары шығарылды. 1) Электрондық құжат айналымы саласындағы бәсекелестікті дамытуКеңеске Агенттік бұ...

    КездесуАяқталды

    АГЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

    Жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара конструктивті әрі ашық атмосферада өтіп, қатысушылар тарапынан зор қызығушылық тудырды. Кездесу барысында Агенттіктің негізгі қызмет бағыттары бойынша мазмұнды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен оны өт...