ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАР ҮШІН ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ТӘРТІПТЕР ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасына қоныс аударуды жоспарлаған этникалық қазақтар үшін белгілі бір тәртіп қарастырылған. Ол тұрғылықты өңірді таңдауды, қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден өтуді, кәсіби дағдыларын бағалауды, құжаттарын тексеруді және әңгімелесуден өтуді қамтиды.
    Белгіленген рәсімдерден өткеннен кейін қандас мәртебесін алу үшін өтініш беруге болады. Сонымен қатар, заңнамада көзделген талаптарға сәйкес қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Оның ішінде көшуге және тұрғын үй алуға арналған субсидиялар, сондай-ақ жұмысқа орналасуға және жаңа ортаға бейімделуге жәрдемдесу қарастырылған.
    Қоныс аудару үшін қандай кезеңдерден өту қажет? Оған қалай дайындалу керек? Мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары ұсынылады?
    ▶️ Толығырақ бейнематериалдан көріңіз: https://t.me/enbekturkistan/639

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары