1 / 3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысы әкімі аппаратымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы жылдың ІV тоқсанына бірыңғай өңірлік қабылдау кестесіне сәйкес 2026 жылдың 4 қараша күні Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өтініштері мен мәселелерін қарау және еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдап, олардың еңбек қатынастарына, еңбек шарттарын жасасу мен бұзуға, жалақының уақытылы төленуіне, еңбек демалысына, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қатысты сұрақтарына жауап берді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері мен көтерген мәселелері мұқият тыңдалып, қолданыстағы еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әрбір өтініш бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдау жолдары түсіндірілді.
Ашық есік күнінің басты мақсаты – азаматтар мен мемлекеттік орган арасындағы өзара байланысты нығайту, еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу, халыққа мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету және туындаған мәселелердің оң шешілуіне ықпал ету.
Департамент азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету және халықпен ашық әрі тиімді диалог орнату бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









