АРЫС: «С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ-ДЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 5
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеру тағайындау актісіне сәйкес 2026 жылдың 4 қараша күні Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
    Жүргізілген тексеру қорытындысына сәйкес Мадина Сейдуалықызы мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырып, мекемедегі еңбек қатынастарында еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі, еңбекке ақы төлеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.
    Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуын бақылау, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек қатынастары саласында ақпарат беріп өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары