ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ МЕН ЖИІЛІГІ ТУРАЛЫ

    Төлеу жиілігі мен мерзіміне өтетін болсақ: Жалақы ұлттық валютада ақшалай түрде айына бір реттен сиретпей, келесі айдың алғашқы 10 күнінен кешіктірілмей төленеді. Нақты күні еңбек немесе ұжымдық шартта белгіленеді.
    Егер жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келсе, төлем сол демалыс немесе мереке күндерінің қарсаңында жүргізіледі.
    Жұмыс беруші әрбір айда қызметкерге жалақының құрамдас бөліктері (оның ішінде жалақы, үстемеақылар, сыйақылар), ұстап қалулар (салықтар, зейнетақы жарналары және т.б.) туралы жазбаша немесе электронды түрде хабарлап отыруға міндетті.
    Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған кезде, оған тиесілі барлық сома еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде төленуі тиіс.
    Ал жұмыс берушінің жауапкершілігіне өтетін болсақ, Жалақы мерзімінде төленбесе немесе кешіктірілсе, жұмыс беруші ҚР Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі негізінде әрбір кешіктірілген күні үшін өсімпұл төлеуге міндетті.
    Еңбек құқықтарыңыз бұзылған жағдайда қызметкер облыстық немесе қалалық еңбек инспекциясына немесе сотқа шағымдануға құқылы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары