Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтті

    Нұра аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев пен Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дмитрий Арнттың қатысуымен көшпелі кеңес өтті.

    Кездесу барысында басқарма ұжымымен қызметтің өзекті мәселелері, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

    Тиімді жұмыстың маңызды негізі – сенім, ашықтық және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу. Осыған байланысты Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Жолдыбаев қызметкерлерге ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды бағалауға бағытталған анонимді сауалнамаға қатысуды ұсынды.

    Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д. Арнт мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігін түсіндіріп, осындай жағдайларға тап болған кезде қалай әрекет ету керектігін еске салды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жоғары тұрған басшылыққа немесе 1424 бірыңғай Call-орталығына хабарлау қажеттігіне назар аударды.

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарына еске салады: егер сіз Департамент немесе оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің куәсі болсаңыз, төмендегі байланыс арналары арқылы хабарлай аласыз:

    Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2
    Сенім телефоны: 8 (7212) 41-14-28
    Департаменттің ресми сайты: https://www.gov.kz/org/departament-kkbtu-karaganda?lang=kk
    Электрондық үкімет порталы: egov.kz

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрқайсымыздың ашықтығымыздан, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымымыздан басталады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары