2026 жылғы 30 қазанда Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев пен құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дмитрий Арнт Осакаров аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көшпелі семинар-кеңес өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілерге белгіленген шектеулерді, оның ішінде құмар ойындарға қатысуға тыйым салуды қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев мемлекеттік орган ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізді. Сондай-ақ семинарға қатысушыларға қолданыстағы заңнамаға енгізілген, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік шараларын кеңейтуге қатысты өзгерістер түсіндірілді.
Өз кезегінде, Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дмитрий Арнт сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелеріне тоқталып, дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы жоғары тұрған лауазымды тұлғаға не 1424 бірыңғай Call-орталығына дереу хабарлау міндетті екенін еске салды.
Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі екені атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









