«Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманың негізгі мәселелері» тақырыбында бейнеконференцбайланыс режимінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті

    Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы С. Жумажанова аумақтық басқармалардың мамандарына «Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманың негізгі мәселелері» тақырыбында бейнеконференцбайланыс режимінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді.

    Оқыту барысында Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының негізгі ережелері, мемлекеттік органдардың ақпарат беру жөніндегі міндеттері, азаматтардың ақпарат алу құқықтарын іске асыру тәртібі және ақпаратқа қол жеткізу мерзімдері түсіндірілді.

    Сонымен қатар, ақпараттық сұрау салуларды қарау тәртібі, өтініштерге жауап дайындау кезінде заңнама талаптарын сақтау, қызметтік ақпарат пен дербес деректерді қорғау мәселелеріне назар аударылды.

    Оқыту мамандардың ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы дұрыс қолдануына, азаматтармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жұмыс барысында ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтауға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары