Мансап орталығына жүгінбей-ақ өз бетінше қалай жұмыс табуға болады?

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Мансап орталығына жүгінбей-ақ өз бетінше қалай жұмыс табуға болады?

    Жауап

    Бүгінгі күні «Электрондық еңбек биржасы» (бұдан әрі – ЭЕБ) – еңбек нарығының ақпараттық базасы толық көлемде жұмыс істейді (www.enbek.kz) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.

    ЭЕБ жұмыс берушілерді персоналды іріктеу мүмкіндігімен, ал жұмыс іздеушілерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Күн сайын ЭЕБ базасы жаңа бос орындармен және түйіндемелермен толықтырылады.

    ЭЕБ арқылы мынадай қызмет түрлерін алуға болады: түйіндеме мен бос жұмыс орындары базасына онлайн режимде кіру, бос жұмыс орындарын жариялау және түйіндемені тарату, жеке кабинетіңізді тіркеу, ұнаған бос жұмыс орындарына өтініш білдіру және әңгімелесуге шақыру алу, Мансап орталықтарымен таратылған бос жұмыс орындары туралы онлайн ақпаратты қарау, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау тестінен өту және нәтижелері бойынша жұмысты таңдау мүмкіндігі бар.

    Цифрландыруды және онлайн қызметтерді дамыту мақсатында 2020 жылдан бастап ЭЕБ арқылы төрт қызмет көрсету жобасы іске қосылды:

    - жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеу;

    - жұмыссызды тіркеу;

    - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын таңдау (бірінші кезеңде – жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары).

    - жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Жалған жұмысқа орналастырудың белгілері мен салдары қандай?»

    Жауап

    Жалған жұмысқа орналастыру – адамның құжат жүзінде ресми түрде жұмысқа қабылдануы, алайда іс жүзінде ешқандай еңбек міндеттерін орындамауы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында «жалған жұмысқа орналастыру» деген атаумен жеке құқық бұзушылық құрамы көзделмеген....

    Сұрақ

    Елімізде қай салада қай мамандар тапшы? Статистика бойынша қанша маман жұмыссыз жүр?

    Жауап

    2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша электрондық еңбек биржасында 60,4 мың бос жұмыс орны және 65,6 мың түйіндеме орналастырылған. Кәсіптер топтары бөлінісінде жұмыс берушілердің негізгі қажеттілігі біліктілігі жоқ жұмысшыларға тиесілі болды (4,9 мың бос жұмыс орны немесе жалпы...