Елімізде қай салада қай мамандар тапшы? Статистика бойынша қанша маман жұмыссыз жүр?
2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша электрондық еңбек биржасында 60,4 мың бос жұмыс орны және 65,6 мың түйіндеме орналастырылған.
Кәсіптер топтары бөлінісінде жұмыс берушілердің негізгі қажеттілігі біліктілігі жоқ жұмысшыларға тиесілі болды (4,9 мың бос жұмыс орны немесе жалпы санының 8%).
Ауыл шаруашылығында, сондай-ақ құрылыста білікті емес жұмысшыларға деген қажеттілік басым.
Біліктілігі жоқ қызметкерлер тобын қоспағанда, қаңтарда жалпы республика бойынша жалпы практика және терапия дәрігерлерінің, сондай-ақ күтім жөніндегі орта медициналық персоналдың және инфекционист дәрігерлердің, реаниматологтардың, психиатрлардың тапшылығы қалыптасты.
Сонымен қатар, жарнама және маркетинг мамандарының, сондай-ақ сантехниктер мен құбыр жүргізушілердің тапшылығы бар.
Артықшылыққа келетін болсақ, қаңтарда бұл заңгерлер, электроника техниктері, кең профильді кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ қаржы және инвестициялар бойынша кеңесшілер арасында қалыптасты.