ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

    Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуын қадағалап, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздің әр өңірінде жұмыскерлерге төленбеген жалақы қайтарылып, жұмыс берушілердің заңсыз шешімдерінің күші жойылып, бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілуде.

    Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлерді заңсыз жұмыстан шығару және оларға негізсіз тәртіптік жаза қолдану жағдайларында да еңбеккерлердің құқықтарын қалпына келтіру бағытында тиісті шаралар қабылдап келеді.

    Түркістан облысында еңбек заңнамасының талаптары бұзылып, қызметінен заңсыз босатылған екі мектеп директоры бұрынғы лауазымдарына қайта тағайындалды. Тексеру барысында кәсіподақ мүшелерін жұмыстан шығару кезінде ұжымдық шартта көзделген кәсіподақ ұйымының келісімі алынбағаны анықталды. Мемлекеттік еңбек инспекторларының қабылдаған шаралары нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, екі директор да өз қызметтеріне қайта оралды.

    Осы өңірде Кентау қалалық емханасының медицина қызметкерінің де еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Медбикені жұмыстан босату кезінде жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолданудың заңда белгіленген тәртібін сақтамағаны белгілі болды. Атап айтқанда, қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етілмеген әрі оны ұсынуға заңда көзделген мерзім берілмеген. Мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуынан кейін жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күші жойылып, медбике бұрынғы қызметіне қайта алынды.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті әрбір жұмысшының жалақысын уақытылы әрі толық көлемде алуға, еңбек шарты талаптарының орындалуын талап етуге және заңмен бекітілген еңбек құқықтарының қорғалуы басты назарда екенін еске салады.

    Егер жалақы кешіктірілсе, жұмыскер заңсыз жұмыстан шығарылса немесе еңбек заңнамасының өзге де талаптары бұзылса, азаматтар жұмыс беруші орналасқан жердегі мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық департаментіне, соның ішінде eOtinish электрондық платформасы арқылы жүгіне алады.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, бұзылған еңбек кепілдіктерін қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    ОН АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР

    МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ2026 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАНЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде а...

    Ақпарат

    ҚАЗАҚСТАНДА 56 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

    2026 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысының арқасында 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңб...

    Ақпарат

    ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР

    Департаментке ағымдағы жылдың басынан 3 029 (2025ж – 1 421) азаматтардың арыз-шағымдары тіркеліп, олардың 2 919 заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 25...

    Хабарландыру

    ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы азаматтарды еңбек қат...

    Хабарландыру

    ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы азаматтарды еңбек қатынаста...

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы