ҚАЗАҚСТАНДА 56 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

    2026 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысының арқасында 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуына қатысты 5,7 мыңнан астам тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде жұмыс берушілерге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылданған.
    Еңбекақының уақытылы әрі толық төленуіне ерекше көңіл бөлінеді. Тексеру барысында бірқатар кәсіпорында жалақы бойынша берешек бары анықталған. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс берушілермен бірлесіп, берешекті өтеу кестелері бекітілген. Оның орындалуын мемлекеттік еңбек инспекторлары тұрақты бақылауда ұстап отыр.
    Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыс берушілер жалақы бойынша берешекті өтей бастаған. Соның арқасында жүздеген жұмысшының еңбек құқығы қалпына келтірілді.
    Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында «Москворецкое» ЖШС-нің 93 жұмысшысына екі ай бойы жалақы төленбеген. Осы жағдайға байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру барысында қыркүйек-қазан айлары үшін 48,8 млн теңге көлемінде жалақы берешегі бары анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушіге берешекті өтеу туралы нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұл салынған.
    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Негізгі басымдықтар жұмысшылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету, анықталған заңбұзушылықтарды жою және жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы міндеттерін орындау жауапкершілігін арттыру болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    ОН АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР

    МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ2026 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАНЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде а...

    Ақпарат

    ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ

    Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуын қадағалап, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздің әр өңірінде жұмы...

    Ақпарат

    ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР

    Департаментке ағымдағы жылдың басынан 3 029 (2025ж – 1 421) азаматтардың арыз-шағымдары тіркеліп, олардың 2 919 заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 25...

    Хабарландыру

    ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы азаматтарды еңбек қат...

    Хабарландыру

    ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы азаматтарды еңбек қатынаста...

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы