Шапатов Қанат Мұратұлы Оқушылар сарайының директоры болып тағайындалды.

    Қанат Мұратұлы 2002 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК директоры қызметін атқарған.
    Сонымен қатар, № 20 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депутаты болған.
    Ұзақ жылғы білім саласындағы еңбегі еленіп, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Абай облысының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Белсенді әлеуметтік әріптес» төсбелгісімен (2025 ж.) және «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» медалімен марапатталған. Жаңа басшының кәсіби білімі мен мол басқарушылық тәжірибесі Оқушылар сарайының қызметін жетілдіруге, шығармашылық әлеуетін арттыруға және одан әрі дамуына бағытталатын болады. Қанат Мұратұлының алдағы қызметіне сәттілік тілейміз. Білім бөлім

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары